04.06.2014, 23:35 2800

ҚОСРМ ТҚҚ басқару бойынша инвестицияны тұрақтандыру жұмысын 9 қалада аяқтайды - Н. Қаппаров

ҚОСРМ ТҚҚ басқару жобалары бойынша инвестицияны тұрақтандыру жұмысын 9 қалада аяқтайды. Бұл туралы ОКҚ баспасөз отырысында Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. ҚОСРМ ТҚҚ басқару жобалары бойынша инвестицияны тұрақтандыру жұмысын 9 қалада аяқтайды. Бұл туралы ОКҚ баспасөз отырысында Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

"Аталған міндеттерді қолдау шараларын енгізбей іске асыру мүмкін емес. Бағдарлама міндеттерін ойдағыдай орындау үшін және жеке секторды жұмылдыру үшін бірқатар қолдау шаралары көзделген.Мемлекеттік және жеке тараптардың қызметтерін үйлестіру және тығыз қарым-қатынасын орнату мақсатында министрліктің қазіргі еншілес компаниясы - "Жасыл Даму" АҚ негізінде ТҚҚ басқару бойынша бірыңғай орталығы құрылады", - деді Н. Қаппаров.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Қазақстанда әкімдік, инвестор және қоқыс шығаратын компания арасындағы келісімшарттар өзара қатынастарды пысықтамау нәтижесінде қоқыс өңдейтін зауыттары тоқтап қалып отыр. Орталық бұл проблемаларды шешуге мүмкіндік беретіндігін айтты.

Бағдарламаны іске асыру кезінде мемлекет негізгі рөлді өз мойнына алуы тиіс екені сөзсіз. Алайда, оны ойдағыдай іске асыру үшін жеке секторды тарту қажет, деді ол.

"Жобаларды іске асырудың негізгі сәті - инвесторға ластаушылардан және мемлекеттің концессиялық міндеттемелерінен тарифтер түріндегі тұрақты табыс ағымына кепілдік беретін МЖС негізінде ұзақ мерзімді (15-тен 30 жылға дейін) келісімшартқа қол қою. Кейіннен, тұрғындардың әл-ауқатының өсуімен жалпыәлемдік "ластаушы төлейді" қағидатын орындау үшін тарифтердің жоспарлы өсуі мүмкін", - деді ол.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған қолдау шараларынан басқа бағдарламаны іске асырудың алғашқы кезеңінде бюджет қаражатын бөлуді қажет ететіні сөзсіз. Мысалы, Бағдарламаның пилоттық кезеңі (2020 жылға дейін) үшін 52,5 млрд. теңге көлемінде бюджет шығыстары жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны