18.03.2011, 14:19 3546

Қостанай, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасуы мүмкін деп күтілуде

Қостанай, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасуы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - наурыз. Kazakhstan Today - Қостанай, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасуы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жеке өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері Эльдор Райымбеков мәлім еткен.

"Аталған өңірлерде комиссия мүшелерімен арнайы жиналыстар өткізілді. Атап айтқанда, қауіп төндіретін таулы жерлерде әкімдер мен жауапты органдар басшыларына ұйғарымдама берілді. Мұнымен қоса қазіргі кезде қар көшкіні жұмыстарын атқару шаралары ұйымдастырылуда. Сондықтан қауіп тудыратын жерлерді қатаң қадағалау жұмыстары жүргізіліп, алдын алу шаралары атқарылып жатыр",-деді Э. Райымбеков.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы көктем кезінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлер бүгінде қатаң бақылауға алынып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны