28.04.2010, 10:23 3343

Қостанай облысынан Қазақстан парламенті сенатының шығып қалған депутатының орнына Жеңіс Нұрғалиев сайланды

Қостанай облысынан Қазақстан парламенті сенатының шығып қалған депутатының орнына Жеңіс Нұрғалиев сайланды

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы парламенті сенатының шығып қалған депутатының орнына Жеңіс Нұрғалиев сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылғы 23 сәуірде Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы парламенті сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау болды. 2 кандидат дауысқа түсті.

"300 таңдаушыдан дауыс беруге 287 немесе таңдаушылардың жалпы санынан 95,67 пайызы дауыс беруге қатысты. Берілген сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан бір сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысынан шығып қалғанның орнына Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутатын сайлау бойынша дауыстарды санаудың мынадай нәтижелері белгіленді: Мұратов Асқар Аронұлына 21 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың даустарының 7,3 пайызы; Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлына 265 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың дауыстарының 92,7 пайызы.

Сөйтіп, ОСК хабарлауынша, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып 1962 жылы туған, қазақ, Қостанай қаласында тұратын, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны