27.05.2008, 17:39 3061

Қостанай облысында 2 мың доллар көлеміндегі пара алғаны үшін Лисаковск қаласының әділет басқармасының бастығы тұтқындалды

Қостанай облысында 2 мың доллар көлеміндегі пара алғаны үшін Лисаковск қаласының әділет басқармасының бастығы тұтқындалды

Қостанай. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында 2 мың доллар көлеміндегі пара алғаны үшін Лисаковск қаласының әділет басқармасының бастығы тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қостанай облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қаржы полициясы Лисаковск қаласының әділет басқармасының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол Лисаковск қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының бастығының міндетін атқарушыдан 2 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара алды деп айыпталып отыр.

Қаржы полициясы таратқан баспасөз-релизінде әділет басқармасы халыққа қызмет көрсету орталығының бастығының міндетін атқарушының кеңесші-тіркеуші болып қызмет атқарған кезінде заң бұзғанын анықтаған. "Оның кінәсін дәлелдейтін мәліметтерді пайдалана отырып, әділет департаментінің бастығы пара талап еткен. Егер келіспеген жағдайда аталмыш материалды құқық қорғау органдарына жіберетінін айтып, қорқытқан. Бұл міндетін атқарушының Халыққа қызмет көрсету орталығының Лисаковск қаласындағы бөлімшесінің бастығы лауазымына бекіту мәселесінің шешілуіне ықпал етері сөзсіз еді".

Қаржы полициясының баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ақша Қостанай қаласының дәмханаларының біріндегі администраторға тапсырылған. Ол оны кейін әділет басқармасының бастығына берілуі тиіс болған. Осы дәмхананың администраторы ақшамен бірге қамауға алынды.

Қазіргі уақытта айғақтарды жинау және тіркеу бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны