05.10.2010, 17:06 3963

Қостанай облысында аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының бөлім басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Қостанай облысында Меңдіқара аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының бөлім басшысы Аслан Түмембаев пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Қостанай облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай. 5 - қазан. Kazakhstan Today - Қостанай облысында Меңдіқара аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының бөлім басшысы Аслан Түмембаев пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Қостанай облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аслан Түмембаев шартты мерзімге сотталған азаматтан 500 долларға тең сома талап етіп, ақысына ол әлгі азаматтың шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстыру туралы ұйғарымды сотқа жөнелтпеуге уәде берген.

Қаржы полициясының хабарлауынша, 20-қыркүйек күні Аслан Түмембаев сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық іс болйынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны