11.03.2007, 14:23 3193

Қостанай облысында бір тұрғыннан 500 кг астам марихуана тәркіленді

ҚОСТАНАЙ. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Қостанай облысында Аман-Қараған ауылының тұрғынынан 500 кг астам марихуана мен 13 кг астам гашиш тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 36 қап марихуана мен 4 дорба гашиш ауыл тұрғыны 29 жасар әйелге тиесілі гараждағы жерқоймада сақталған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 532 кг 926 грамм марихуана мен 13 кг-дан астам гашишті құрап отыр. Ұсталған әйел есірткіні өзінің туысының өтініші бойынша сақтағандығын түсіндіріп бағуда.

Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Руслан Өмірбаевтың сөздеріне сүйенсек, ұсталған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған. "Тергеу аясында есірткі заттарының Қостанай облысына келу арнасы анықталады. Жедел шаралар жүргізілуде",- деп түсіндірді Р. Өмірбаев.

Жыл басынан бері облыста есірткіге байланысты 132 тіркелген. Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің есірткі бизенсімен күрес басқармасаның қызметкерлері заңсыз айналымнан 600 кг-нан астам есірткі заттарын тәркілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны