16.06.2010, 14:28 2986

Қостанай облысында бұрынғы полицей АІІД ғимаратында өзіне қол жұмсады

"12 маусымда бірінші қабатың дәлізінде полиция кіші сержантының артынан келе жатқан ол күтпеген жерден кіші сержанттың басына қолымен қатты соққы береді. Полицейдің абдырап қалғандығын пайдаланған ол тапаншаны жұлып алып, басының самай тұсынан атқан. Сөйтіп өзіне өзі қол жұмсаған полицей көз жұмды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Қостанай. 16-маусым. Kazakhstan Today - Қостанай облысында жауап алуға шақырылған бұрынғы полицей Ұзынкөл АІІД ғимаратында өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қостанай облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2006 жылы қызметтік бабын асыра пайдаланғандығы үшін жұмыстан шығарылған ішкі істер органының бұрынғы қызметкері Ұзынкөл ауданының аумағында улы химикаттардың ұрлану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты күдікті ретінде шақырылған болатын. Одан 11 маусымда бірінші рет жауап алынып, бостылған. Бұрынғы полиция қызметкері келесі күні таңертеңгі 8 сағатта тергеуші келуге міндетті болатын.

"12 маусымда бірінші қабатың дәлізінде полиция кіші сержантының артынан келе жатқан ол күтпеген жерден кіші сержанттың басына қолымен қатты соққы береді. Полицейдің абдырап қалғандығын пайдаланған ол тапаншаны жұлып алып, басының самай тұсынан атқан. Сөйтіп өзіне өзі қол жұмсаған полицей көз жұмды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аталмыш дерекке қатысты ІІМ қызметкерлерінің қатысуымен қызметтік тексеру жүргізілген.

Облыстық прокуратура немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны