05.06.2009, 17:02 2968

Қостанай облысында Федоров ауданындағы сегіз ауылдың төңірегінен заңсыз жер бөлу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысында Федоров ауданындағы сегіз ауылдың төңірегінен заңсыз жер бөлу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қостанай. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының қаржы полициясы Федоров ауданындағы сегіз ауылдың төңірегінен заңсыз жер бөлу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Федоров ауданының жер қатынастары бөлімінің бастығына қатысты лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалануға қатысты іс тексерілуде.

"Қазір біз дәлел базасын жинастырып жатырмыз. Бөлім бастығы бұл телімдердің ауылдық елдімекендерге тиесілі жерлер екенін және жергілікті тұрғындардың мал жаюына арналғанын жақсы білген. Ал осы уақытта жергілікті тұрғындар мал жайылымынан тапшылық көруде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай тұрғынына 48 жыл мерзіммен Северное, Ленино, Успеновка, Кеңерал, Лысановка, Новошумное, Александрополь және Пешковка ауылдарының төңірегінен жер телімдері бөлінген. Болжамдық құны 22 млн теңгені құрайтын 2200 гектар жерді жалға алу құқығын Қостанай тұрғыны сауда-саттық немесе аукциондар арқылы алмаған, ақысыз алған. Бұл телімдердің барлығын аудандық әкімдік қала тұрғынына бір күннің ішінде пайдалануға берген.

"Бір телім осы жерді бес жыл мерзіммен жалға алған аудан тұрғынынан тартып алынған. Көп жағдайда жерге қатысты алыпсатарлық белең алғаны құпия емес, бұл адамда тіпті жерді өңдеуге арналған техникасы да болмаған", - деп хабарлайды қаржы полициясы.

Биыл облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жерді заңсыз пайдалануға қатысты 7 қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны