04.02.2010, 13:31 2694

Қостанай облысында героин тасымалдағаны үшін Өзбекстан азаматы ұсталды

Қостанай облысында героин тасымалдағаны үшін Өзбекстан азаматы ұсталды

Қостанай. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қостанай облысында героин тасымалдағаны үшін Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық Кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қайрақ" кеден бекетінде автобусты тексеру кезінде бір килограмнан аса героин табылған.

"Қызметкерлер Өзбекстан азаматынан бөлекше исі бар ақшыл сұрғылт түсті ұнтақ зат салынған дорба тауып тәркіледі. Есірткі қос түбі бар чемоданға жасырылған. Сарапшының айтуынша, бұл зат героин болып табылады, салмағы - 1 килограмм 84 грамм", - деп хабарлайды Кедендік бақылау департаментіндегілер.

Өзбекстан азаматтары отырған автобус Ресейге бет алған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны