21.12.2007, 13:43 2803

Қостанай облысында іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Қостанай облысында іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Қостанай. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында тәртіп сақшылары "Мигрант" атты жедел алдын-алу шараларының барысында іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды агенттік Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Иулиекөл АІІБ қызметкерлері Жетіқара қаласында ҚР Қылмыстық кодексінің "кісі өлтіру" және "қарақшылық шабуыл" жөніндегі екі бабы бойынша күдікті деп танылған 20 жастағы жігітті қолға түсірді. Бұл Иулиекөл ауылында екі әйелді өлтіруге қатысты іздеуде жүрген үшінші күдікті. Ол кезде қылмыскерлер екі сауда орнынан 845 дана алтын бұйымдарды алып кеткен болатын. Екінші қылмыскерді тәртіп сақшылары Ресей аумағында ұстады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, операция барысында сонымен қатар 127 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жауапкершілікке тартылғандардың 8-і алыс шетелдердің, 119 -ы ТМД елдерінің азаматтары, 22 шетелдік Қазақстан аумағынан аластатылды. Төлқұжат ережелері мен көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстанның 58 азаматы, құжатсыз немесе тіркеусіз тұрғаны үшін 13 азамат жауапкершілікке тартылды. 4 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жаза жүктеді", -деді көші-қон полициясының бастығы, полиция полковнигі Жеңіс Омаров.

"Мигрант" іс-шарасы 24 желтоқсанға дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны