14.04.2010, 16:23 3084

Қостанай облысында кәсіпкерге қатысты жасалған қарақшылық шабуыл қылмысы ашылды

Қостанай облысында кәсіпкерге қатысты жасалған қарақшылық шабуыл қылмысы ашылды

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Арқалық қаласының жеке кәсіпкеріне қатысты жасалған қарақшылық шабуылды ашты. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ІІМ өкілінің хабарлауынша, "екі адам пәтерге баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні соққыға жыққан, содан кейін оны скочпен байлап тастап, 70 мың теңге ақшасын, жалпы құны 500 мыңнан астам теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарын ұрлаған".

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі қылмыскер қолға түсті, олар Атбасар мен Астана қалаларының 28 және 30 жастағы тұрғындары болып отыр. Олардан пышақ пен алтын бұйымдар тәркіленді. Бүгінде қылмыстың ұйымдастырушысын ұстау шаралары қабылдануда",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны