25.05.2009, 16:27 3184

Қостанай облысында колледж студенті порнография таратқан - ІІМ

Қостанай облысында колледж студенті порнография таратқан - ІІМ

Астана. 25 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында колледж студенті порнография таратқан. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қостанай облысының бір аудандық басқармасының кезекші бөліміне бір азамат шағымданып, өзінің кәмелеттік жасқа жетпеген қызымен бірге оқитын колледж оқушысының порнографиялық мазмұндағы клип жасап сатқанын жеткізген", - деді Қ. Жұманов.

ІІМ өкілінің түсіндіруінше, "колледж студенті анимациялық бағдарламаны пайдалана отырып, өзімен бір курста оқитын қыздың суретін порнографиялық мазмұндағы бейнеклипке шығарып жіберген. Бұл бейнеклипті ол өзінің ұялы телефонына көшіріп алған. Кейін оны студенттер мен өз таныстарының арасында ұялы телефондар арқылы таратқан".

Қ. Жұмановтың хабарлауынша, қазір порнографиялық материалдарды заңсыз таратқаны және жалған жала жапқаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны