02.07.2008, 16:35 1184

Қостанай облысында "Мак - 2008" операциясы басталғалы бері есірткіге қатысты 135 қылмыс пен заң бұзушылықтар анықталды

Қостанай облысында "Мак - 2008" операциясы басталғалы бері есірткіге қатысты 135 қылмыс пен заң бұзушылықтар анықталды

Қостанай. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында 25 мамыр мен 30 маусым аралығында "Мак - 2008" шұғыл-профилактикалық шарасының барысында есірткіге қатысты 135 қылмыс пен заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстың ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, есірткі сатудың 36, оны заңсыз сақтаудың 34 оқиғасы, есірткі заттарын пайдаланатын жер ұйымдастырудың 2 оқиғасы, құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің 3 оқиғасы, заңды айналым саласында 16 оқиға және әкімшілік құқық бұзушылықтың 36 оқиғасы тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны