14.04.2010, 18:28 3286

Қостанай облысында өзінің жаңа туған нәрестесін өлтірген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысында өзінің жаңа туған нәрестесін өлтірген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қостанай облысында өзінің жаңа туған нәрестесін өлтірген Красная Пресня ауылының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қостанай облысында өзінің жаңа туған нәрестесін өлтірген Красная Пресня ауылының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Сәбидің мәйіті ауыл шетінен табылған болатын",- деді ІІМ өкілі.

"Белгілі болғанындай, күдікті әйел 14 ақпанда қараусыз қалған үйде ешкімнің көмегінсіз босанып, содан кейін сәбиді ауылдың шетіне апарып, оған қайшымен бірнеше рет жарақат салған. Қылмысты жасыру мақсатында сәбидің мәйітін күртеге орап, ауылдың шетіне тастап кеткен",- деді Қ.Жұманов.

"Бұл қылмыс некесіз бала туу фактісін жасыру мақсатында жасалған, өйткені, күдікті әйел бұрынғы күйеуімен қайта қосылмақшы болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны