25.07.2014, 19:56 3601

Қостанай облысының әкімі өңірдің құрылыс нысандарын бақылады

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов облыс орталығында салынып жатқан нысандарды бақылап қайтты, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов облыс орталығында салынып жатқан нысандарды бақылап қайтты, - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Облыс әкімі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қала көшелерін аралап, осы мақсатта бюджеттен бөлінген 2 млрд 120 млн теңгенің қалай жұмсалып жатқанымен танысты.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылдың шілде айында жалпы ұзындығы 4 шақырымдық Баймағамбетов көшесінің жөндеу жұмыстарының екі жылдық жобасы аяқталмақ. Сонымен қатар, Чехов көшесін жөндеу жұмыстарының үш жылдық жобасы жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, облыс әкімі жаңадан салынып жатқан ықшам аудандағы инженерлік коммуникацияның салыну сапасы, қарқынымен танысты. Осы шағын ауданның инженерлік коммуникациясын жобалау, дамыту мен салу жұмыстарына 1,2 млрд теңге бөлінген.

"Одан кейін Н.Сәдуақасов Білім беру басқармасы, Білім беруді автоматтандыру және білімді бағалау орталығы, Техникалық және кәсіптік білім беру өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы мен Дене шынықтыру өңірлік орталығы орналастырылатын әкімшілік ғимараттың жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты", - делінген хабарламада.

Соңында өңір басшысы Қостанайдағы жалпы құрылыс қарқынын тездету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны