26.05.2008, 17:33 3053

Қостанай облысының полиция қызметкерлері жыл басынан бері лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін 8 қылмыстық іс қозғаған

Қостанай облысының полиция қызметкерлері жыл басынан бері лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін 8 қылмыстық іс қозғаған

Қостанай. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының полиция қызметкерлері жыл басынан бері лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін 8 қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мереке Алшағыровтың айтуынша, полиция қызметкерлеріне ұсынған сыйақы мөлшері 264 мың теңгені құраған.

М. Алшағыров атап көрсеткендей, параны жол полициясының инспекторларына жиі ұсынады. Сегіз оқиғаның алтауында жол полициясы басқармасының қызметкерлеріне жол қозғалысы ережесін бұзса да, әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін әртүрлі көлемде ақша ұсынған. Есірткі саудасымен күрес қызметкерлері мен патруль полициясын сатып алмақшы болған.

Барлық жағдайларда полиция қызметкерлері лауазымды тұлғаны сатып алу оқиғасы жайында хабарлаған. Айғақтарды тіркеуге және қылмыс үстінде қолға түсіруге бағытталған арнайы шаралар өткізілді, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны