28.05.2008, 16:44 2908

Қостанай облысының Рудный қаласында 4 кило героинмен есірткі сатушылар қамауға алынды

Қостанай облысының Рудный қаласында 4 кило героинмен есірткі сатушылар қамауға алынды

Қостанай. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының Рудный қаласында 4 кило героинмен есірткі сатушылар қамауға алынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында Рудный қаласында 4 кило героин сату кезінде есірткі сатушы мен сатып алушы - Ресей Федерациясының азаматын тұтқындады. Сатып алушы уақытша тұрған пәтерді тінту кезінде жалпы салмағы 769 грамм болатын наша табылып, тәркіленді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір Ұлтық қауіпсіздік комитетінің департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны