19.10.2009, 12:57 1602

Қостанай облысының тұрғыны полиция қызметкерін өлтіргені үшін 17 жылға бас бостандығынан айрылды

Қостанай облысының тұрғыны полиция қызметкерін өлтіргені үшін 17 жылға бас бостандығынан айрылды

Қостанай. 19 қазан. Kazakhstan Today - Қостанай облыстық соты облыс тұрғыны Жанбек Досановты полиция қызметкерін атып өлтіргені үшін 17 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today сот канцеляриясына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық сотының канцеляриясынан хабарлағанындай, полиция қызметкерін атып өлтірген Ж. Досанов 17 жылға бас бостандығынан айрылды. Қамысты ауданының Адаевка кентінің 36 жастағы тұрғынының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы және 321-ші бабының 1-тармағы бойынша үкім шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны