21.01.2009, 18:00 3206

Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінде ауыс-түйістер жасалды

Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінде ауыс-түйістер жасалды

Қостанай. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінде бірқатар ауыс-түйістер жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ІІД төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Қаумен Мақаев басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметінен босталды. Оның орнына полиция полковнигі Нұрман Доскенов тағайындалды, ол бұған дейін Қостанай АІІБ бастығы болған.

Сондай-ақ, ІІД жол полициясының бастығы да ауысты. Бұл лауазымға полиция полковнигі Өмірбек Сүлейменов тағайындалды, ол бұрын Павлодар облыстық ІІД жол полициясы басқармасының бастығы болған. Полиция полковнигі Серік Жүнісов Павлодар облыстық ІІД жол полициясы басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

Қостанай АІІБ бастығы қызметіне полиция полковнигі Мұратбек Сейітқұлов тағайындалды.

Алтынсарин АІІБ бастығының бұрынғы орынбасары, полиция полковнигі Олжабай Жанатов Наурызым АІІБ бастығы лауазымына ие болды. Бұған дейін осы қызметті атқарып келген полиция подполковнигі Ғабидола Көнеков ІІБ-інен жасы қызмет толуға байланысты босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны