17.04.2008, 14:33 2941

Қостанай полициясының қызметкерлері жастардың жаппай төбелесінің алдын алды

Қостанай полициясының қызметкерлері жастардың жаппай төбелесінің алдын алды

Қостанай. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай полициясының қызметкерлері 16 сәуірде Маяковский көшесінде жастардың жаппай төбелесінің алдын алды (қаланың оңтүстігі ), деп хабарлайды агенттік Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, 16 сәуірде Маяковский көшесінде 20 сағат 30 минутта 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер жинала бастады.

"Полицияның күзет наряды жиналып жатқан жастарға уақтылы назар аударып, Қостанай облысының ІІД полициясының кешенді күштеріне хабар берді. Жанжал болатын жерге бірнеше көлік патрулі келіп, 20 аса адамды қамауға алды ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Қолға түскендер қаланың жеті мектебі мен төрт колледж оқушылары болып шықты. Оларға қатысты әкімшіліктік шаралар қолданылып, инспектор есебіне қойылады. Сондай-ақ, өз балаларын қадағаламаған ата-аналарға қатысты шаралар да қолға алынады ", - деді Қостанай облысының ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Ағайдаров.

Оның сөздері бойынша бүгінгі кезде қаланың барлық оқу мекемелерінің мектеп инспекторлары мұндай іс қимылдар үшін заңда қарастырылған жауапкершілік туралы оқушылар арасында түніктеме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бүгінгі кезде мұндай жағдайда басқармада шұғыл бақылау орталығының бейне камераларынан бастап, қалада күшейтілген күзет нарядтарын қою сияқты қолданылатын шаралар түрлері жеткілікті", - деді М. Ағайдаров.

Бұл Қостанайдың жастар арасындағы текетірестерді алдын алудың екінші дерегі. Бірінші оқиға биылғы жылдың қаңтар айында болған. Сол кезде мотоспорт жарыстары өткізіліп, 100 -ге тарта жасөсіпірім өзара кикілжіңді білек күші арқылы шешуге тырысқан. Сол кезде жауапқа 40 адам тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны