15.05.2008, 17:08 2738

Қостанай прокуратурасы жер заңнамасына қатысты көптеген заңбұзушылықты анықтады

Қостанай прокуратурасы жер заңнамасына қатысты көптеген заңбұзушылықты анықтады

Қостанай. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай прокуратурасы жер заңнамасына қатысты көптеген заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Тексеру кезінде Тобыл өзенінің экологиясына қауіпсіз құрылыстар деп белгіленген тиісті құжаттарсыз су қоры аумағында берілген жерлерге қатысты 37 заң бұзушылық анықталды ", -деп хабарлады Қостанай прокуратурасы бөлімінің бастығы Батырбек Мыңайдаров.

Сонымен қатар, прокуратура №115 мектептің алаңында құрылысы жүргізіліп жатқан жеке меншік колледж құрысы мен №5 балабақша гимназиясының құрылыстарын тоқтатты. "Прокуратура әкімдікте заң бұзушылықты жою туралы нұсқама жолдады. Ал олар жер учаскелері иелеріне берілген қаулыны жоюды талап етіп соттасып жүр", - деді Б. Мыңайдаров.

"Алайда колледж иелері құрылысты тоқтатар емес ", - дейді №5 бала бақшасының директоры. Оның айтуынша, "жер учаскенің бірінші иесі болып ҚР парламент мәжілісінің депутаты Бағила Баймағамбетова болды. Ол өзі осында келіп қашаны үш метрге дейін жылжытуды сұрады ".

Алайда жергілікті газетке сұхбат берген Б. Баймағамбетова "колледждің құрылысына ешқандай қатысым жоқ деп жауап берген". Прокуратурада жер учаскелері иелерінің аттары аталмай отыр.

"Прокуратура тексерулерді жалғастыруда. Қазірдің өзінде көптеген заң бұзушылықтардың беті ашылап отыр, тексеру қорытындысы жасағалғаннан кейін толық деректер жарияланатын болады", -деп атап өтті Б. Мыңайдаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны