03.01.2007, 16:35 2959

Қостанайда есірткі тасушыдан 1 килограмнан астам героин тәркіледі

ҚОСТАНАЙ. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. Қостанайлық тәртіп сақшылары есірткі тасушыдан 1 килограмнан астам героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 36 жастағы облыс орталығының тұрғыны 29-желтоқсанда ұсталған. Тінту кезінде оның ішігінің қалтасынан тәртіп сақшылары 3,32 грамм героин тапты. Оның автокөлігінен тағы да 1,84 грамм, ал үйінің ауласындағы құпия қоймадан 1 килограмнан астам героин табылды.

Полицияның ақпаратына сәйкес, құқық қорғау органы қызметкерлеріне есірткіні табуға Бард атты иісшіл ит көмектескен. "Бақшада жасырылған есірткі салынған целлофан дорба тек спаниель итінің арқасында ғана табылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жалпы алғанда өткен жылғы қаңтар және желтоқсан айлары аралығында Қостанай облыстық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 240 килограмм есірткілік заттарды, соның ішінде 1,5 килограмм героинді заңсыз айналымнан шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны