19.02.2009, 16:21 3276

Қостанайда "Қайрақ" кеден бекетінің бас маманы пара алғаны үшін ұсталды

Қостанайда "Қайрақ" кеден бекетінің бас маманы пара алғаны үшін ұсталды

Қостанай. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда "Қайрақ" кеден бекетінің бас маманы пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Қостанай облыстық ҰҚКД баспасөз қызметінің өкілі Марат Тарахтиев хабарлады.

ҰҚКД қызметкерлері арнаулы іс-шараларды жүзеге асыру барысында 24 мың теңге көлемінде параның бір бөлігін алып жатқан кезде "Қайрақ" кеден бекетінің бас маманын ұстады.

"Қазір оған кәсіпкерден оның ертеректе елге енгізген автокөліктерін рәсімдеуге көмек көрсеткені үшін $400 бопсалады деген айып тағылып отыр. Кеден қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді М. Тарахтиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны