24.01.2008, 19:34 2969

Қостанайда қалалық соттың судьясына қарсы ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Қостанайда қалалық соттың судьясына қарсы ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Қостанай. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда қалалық соттың судьясының үстінен ҚР Бас прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабының 4 тармағы, "в" тармақшасы бойынша ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік Қостанай облыстық ҰҚКД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ҰҚКД-нің баспасөз хатшысы Марат Тарахтиевтің хабарлауынша, параның көлемі "әзірге жарияланбай" отыр, бір белгілісі ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабының 4 тармағы, "в" тармақшасы бойынша ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Істі ҰҚК қызметкерлері тексеріп жатыр.

"Судья пәтерді иеліктен шығаруға қатысты іс бойынша тараптардың біріне заңсыз артықшылық берген -міс", - деді баспасөз хатшысы.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, судьяның өкілеттілігі Жоғарғы соттың шешімімен уақытша тоқтатылды, облыстық сотта арнаулы комиссия құрылып, ол қызмет бабындағы тексеру жүргізуде.

Қазір пара алды деп танылған күдікті ешқайда кетпеу жөнінде қолхат берген. Одан қол сұғылмаушылық мәртебесін алу құқығына тек Қазақстан президенті ғана ие. Уәкілетті қызметтер тек президенттің ғана шешімін күтуде, деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны