27.01.2010, 15:58 3399

Қостанайда қарақшылық шабуылды Алматыда жасаған күдікті ұсталды

Қостанайда қарақшылық шабуылды Алматыда жасаған күдікті ұсталды

Қостанай. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда қарақшылық шабуыл жасаған күдікті Қостанайда ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 2009 жылдың 20 желтоқсанында қаруланған күдікті мен оның сыбайластары 45 жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасаған. "Қаскөйлер өз құрбанында аса ірі көлемде ақша бар екенін білген. Қарақшылық шабуыл Алматының бір ықшамауданында жасалған. Олар жәбірленушіден ішінде 16 млн астам теңгесі бар сөмкесін қорқыту арқылы тартып алған. Ийел полицияға шағымдана келді", - деп хабарлайды ІІД-дегілер.

Алматының тәртіп сақшылары қылмыскерлердің аты-жөнін анықтап, қылмысты әшкереледі. Алайда бір күдікті қашып үлгерген. Жедел ақпаратқа сәйкес тәртіп сақшылары қылмыскердің Қостанайда жүргенін анықтап білді.

Полицияның мәліметінше, Қостанай облыстық ІІД криминалдық полициясы басқармасының қызметкерлері Қостанайдағы теміржол бекетінде жедел іздестіру шараларының барысында осы қарақшылық шабуылды жасаған 27 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Мәлім болғанындай, күдікті аталған қылмысты жасаған соң өз көлігімен Қостанайға келген, бұдан әрі ол Ресейге қашуды жоспарлаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны