20.07.2007, 12:42 2477

Қостанайда қазақстандық шекарашылар 240 мың долларды контрабандалық жолмен елден әкетуге жасалған әрекеттің жолын кесті

АСТАНА. 20 шілде. Kazakhstan Today. Қостанайда қазақстандық шекарашылар 240 мың долларды контрабандалық жолмен елден әкетуге жасалған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ақпарат бөлімінен хабарлады.

Бөлімнің ақпаратына сәйкес, "Қайрақ автокөлік" шекаралық бөліміндегі шұғыл жұмыстар барысында шекарашылар жасағы көлік құралдарын тексеру кезінде Қазақстаннан Ресейге "Ауди" көлігімен бет алған ҚР азаматын ұстады. "Жеңіл көліктің жүксалғышындағы кілемшенің астынан шекарашылар 240 мың доллар көлеміндегі контрабандалық ақшаны тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Контрабандалық ақша "Қайрақ" кеден бекетіне өткерілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны