14.09.2010, 13:58 3437

Қостанайда қажы полициясы Денисов ауданының әкімін тұтқындады

Қостанайда қажы полициясының қызметкерлері Денисов ауданының әкімі Александр Кушнирді тұтқындады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қостанай облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің (ЭҚСКД) баспасөз қызметінен хабарлады.

Қостанай. 14 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қостанайда қажы полициясының қызметкерлері Денисов ауданының әкімі Александр Кушнирді тұтқындады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қостанай облысының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің (ЭҚСКД) баспасөз қызметінен хабарлады.

"Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес облыстық депатаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, А.Кушнир билігін асырған және қызметтік лауазымын асыра пайдаланған деген күдікпен тұтқындалған",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

ЭҚСКД ақпараттарына сүйенсек, А. Кушнир үстіміздегі жылдың 9-қыркүйегінде ұсталып, Қостанай қаласының ІІБ уақытша тергеу изоляторына қамалған.

"Икімге қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізілуде, тергеу құпиялылығын сақтау мақсатында андай да бір ақпарат берілмейді", - деп нақтылап өтті баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны