16.04.2009, 15:31 3213

Қостанайда облыстық балалар үйінің бұрынғы директоры мен оның хатшысының үстінен сот басталды

Қостанайда облыстық балалар үйінің бұрынғы директоры мен оның хатшысының үстінен сот басталды

Қостанай. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда мемлекетке залал келтіру дерегі бойынша облыстық балалар үйінің бұрынғы директоры мен оның хатшысының үстінен сот басталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне қалалық №2 соттың канцеляриясы хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, облыстық балалар үйінің бұрынғы директоры Кенжегүл Шалғымбековаға ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-тармағы (лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) және 314-бабы (қызметтік жалғандық) бойынша айып тағылса, оның хатшысы Алена Таңатқанова 302-баптың 2-тармағы бойынша қылмысқа қатысушы сыбайлас ретінде айыпталды.

"Хатшы балалар үйінің қызметкерлеріне нормадан тыс жұмыс істеген-мыс сағаттары үшін ақшалай сыйақы тағайындап, ақшаны мекеме директорының нұсқауы бойынша оның есепшотына жіберіп отырған", - деп хабарлайды соттағылар.

Ийелдер алдау жолымен мемлекетке 600 мыңнан астам теңгенің зиянын келтірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны