23.06.2009, 16:09 2796

Қостанайда полиция қызметкерлері есірткі сатуды жолға қойғаны үшін үш және екі жылға бас бостандығынан айрылды

Қостанайда полиция қызметкерлері есірткі сатуды жолға қойғаны үшін үш және екі жылға бас бостандығынан айрылды

Қостанай. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда полиция қызметкерлері есірткі сатуды жолға қойғаны үшін үш және екі жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қостанай қалалық сотының канцеляриясы хабарлады.

Соттың мәліметінше, оперативтік өкілдер Руслан Есжанов пен Багит Макеевке ҚР Қылмыстық кодексінің 308-ші бабының 4-ші тармағының "в" тармақшасы бойынша айып тағылған.

Руслан Есжановты ҰҚКД қызметкерлері есірткі сатуға рұқсат бергені үшін 40 мың теңге беріп жатқан кезде қолға түсірген.

"Полиция қызметкерлері Қостанайда тұратын үш әйел тұрғынды есірткі саудасына тартпақ болған. Олар ай сайын 60 мың теңге төлеуді талап еткен", - деп түсіндіреді сот канцеляриясындағылар.

Мекеменің хабарлауынша, Руслан Есжанов жалпы тәртіптегі абақтыда үш жылға, Б. Макеев - екі жылға бас бостандығынан айыруға кесілді. Олардың екеуі де жеті жыл бойы мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны