20.09.2006, 14:29 2946

Қостанайда үш кабельді арна қылмыстық жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қостанай облыстық прокуратурасы үш кабельді арнаны авторлық құқық заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы тексеру барысында отандық және шетелдік телеарналардың бағдарламаларын құқық иелерінің рұқсатынсыз тарату секілді авторлық құқық нысандарын заңсыз пайдалану деректері анықталған.

Қостанайдағы екі кабельді арнаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар Қостанай облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне тексеруге жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны