28.01.2009, 16:00 2841

Қостанайда ЖШС жетекшісінің үстінен өз фирмаларында жасырын бейнекамералар мен тыңшылық қондырғыларын орнатқаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Қостанайда ЖШС жетекшісінің үстінен өз фирмаларында жасырын бейнекамералар мен тыңшылық қондырғыларын орнатқаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Қостанай. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда ЖШС жетекшісінің үстінен өз фирмаларында жасырын бейнекамералар мен тыңшылық қондырғыларын орнатқаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Костанайские новости" газетіне сілтеме жасап.

Газет ақпаратына сәйкес, Қостанай облыстық ҰҚКД қызметкерлері қаладағы бір ЖШС кеңсесі мен қоймаларынан күзет дабылының датчигі ретінде жасырылған 10 бейнекамера, 6 микрофон, ұялы байланыс арнасымен жұмыс орнындағы әңгімелерді тыңдауға арналған 3 қондырғы мен телефон сұхбаттарды жазып алуға арналған қондырғы тәркіледі.

"Осынау барлық "тыңшылық құралдарының" бәрі Ресей мен Қытайда жасалған. Кәсіпкер оларды Қазақстан аумағына электроникалық бұйымдардың қосалқы бөлшектері ретінде енгізген", - деп жазады газет.

ЖШС директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 143-ші бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен бірге, газет ақпаратына сәйкес, "бұл ЖШС осындай арнаулы техникалық құралдарды біршама көлемде кейбір жеке меншік фирмаларға сатып үлгерген. Бұл фирмалардың бәрі анықталып, құралдар тәркілеп алынды. Фирмалардың басшыларына әкімшілік жауапкершілік жүктеледі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны