04.09.2009, 14:07 1381

Қостанайдағы бір кәсіпорында Қытайдың 48 азаматы Алматыда ашылған виза бойынша жұмыс істеп жүрген

Қостанайдағы бір кәсіпорында Қытайдың 48 азаматы Алматыда ашылған виза бойынша жұмыс істеп жүрген

Қостанай. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қостанайдағы бір кәсіпорында Қытай Халық Республикасының 48 азаматы Алматыда ашылған виза бойынша заңсыз жұмыс істеп жүрген, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кәсіпкер 48 адамды кірпіш зауытындағы жұмысқа жалдаған. Құжаттарды тексерген кезде Қытай азаматтары Алматыда ашылған іскерлік визаны көрсеткен. Олар тиісті рұқсат құжаттарынсыз облыс аумағында жұмыс істеуге құқықтары болмаса да, жұмыс істеп жүргелі екі айдан асқан", - деді Қостанай облыстық ІІД көші-қон полициясының бастығы, полиция полковнигі Жеңіс Омаров.

Оның айтуынша, қазір ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің 394-ші бабының 2-тармағы бойынша 23 заң бұзушы жауапқа тартылды, оларды республика аумағынан қудалауға шешім шығарылды. Ал қалғандарынан қатысты іс материалдары рәсімдеу және сотқа жолдау сатысында.

Көші-қон полициясының мәліметінше, жылдың басынан бері Қостанай облысының аумағында елге келу ережелерін бұзғаны үшін 3879 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 416 адам республика аумағынан шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны