19.09.2012, 13:32 2952

Қостанайдың жол полицейлері жаңа фото-бейне тіркеу құралдарын алды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Қостанай облысы ІІД ЖПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, мұндай құралдың әрбіреуінің құны 3 млн 350 мың теңге тұрады.

Қостанай. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қостанайдың жол полицейлері жаңа фото-бейне тіркеу құралдарын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Қостанай облысы ІІД ЖПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, мұндай құралдың әрбіреуінің құны 3 млн 350 мың теңге тұрады.

"Көшпелі фоторадар кешені жылдамдық режимін және жол-көлік қозғалысының басқа да ереже бұзу оқиғасын бақылауға арналған. Фото-бейне тіркеу құралы Қостанай-Рудный тасжолында орнатылған.

Ал жол полициясы автопатрулінің өзі құралдан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Жол тәртібін бұзушы полицейлерді көрмегендіктен және оның назарына "Крис" П тіркеу құралы түспегендіктен ереже бұзады", - делінген ақпаратта.

Тіркеу құрылғысы мемлекеттік нөмірлерді автоматты түрде танып, түрлі базалар арқылы тексере алады, сондай-ақ ұрланған көлік құралдарын іздестіру жұмыстарында пайдаланылады. Аппарат аккумулятор батареяларының күшімен жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны