31.08.2016, 16:15 7465

Коста-Рика ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Коста-Рика ЭКСПО көрмесіне қатысуға ресми түрде тіркелген 98 ел болды.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - Астанада "ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев Сыртқы істер министрі Мануэль Гонсалес Санстіӊ төрағалығымен коста-рикалық делегациямен кездесті, деп хабарлады Ұлттық компанияныӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Коста-Рика сыртқы істер министрлігініӊ басшысы ел үкіметі астаналық көрмеге қатысу туралы шешім қабылдады.

Коста-Рика ЭКСПО көрмесіне қатысуға ресми түрде тіркелген 98 ел болды. Сондай-ақ, бүгінгі таӊда көрмеге қатысуға 17 халықаралық ұйым тіркелді.

Министрдіӊ айтуынша, 2015 жылы Коста-Рика қолданатын электр энергиясыныӊ 97 пайызы баламалы энергия көздерінен алынды. Аталмыш көрсеткіш әлемдегі еӊ ірісі болып табылады. Энергияны басқарудыӊ Ұлттық орталығыныӊ мәліметіне сәйкес, 65,62 электр энергиясы гидроэлектр станцияларымен беріледі, 15.60 пайыз-жел, 13,70 пайызы - геотермальды энергия, 2,2 - биомасса, 0,02 пайыз-күн энергиясы.

Биылғы жылдыӊ наурыз айында Коста-Рикада экологиялық тәжірбе өткізілді, толық баламалы энергия көзіне көшу 75 күн бойы жүзеге асырылды. Коста-Рика баламалы энергиямен қамтылған әлемдегі алғашқы ел.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны