23.10.2012, 14:49 3374

ҚР 2012 жыл бойынша ІЖӨ 0,6 пайызға азайтты

2012 жылы Қазақстанның ІЖӨ өсімі 5,4% құрайды, деп болжам жасауда экономикалық даму және сауда министрлігі. Алдында ведомствоның берген болжамы 6% құраған.

Астана. 23-қазан. Kazakhstan Today - ҚР 2012 жыл бойынша өсімі болжамын 0,6 пайызға азайтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы Қазақстанның ІЖӨ өсімі 5,4% құрайды, деп болжам жасауда экономикалық даму және сауда министрлігі. Алдында ведомствоның берген болжамы 6% құраған.

"Экономиканың даму үдерістері негізінде жылдың басынан бері ағымдағы жылдың макроэкономикалық көрсеткіштері нақтыланды. 2012 жыл бойынша ІЖӨ реалды өсімі 5,4% деңгейінде бағаланып отыр, бұл жылдың басындағы болжамға қарағанда 0,6% пайыздық пунктке төмен", деді Астанада сейсенбіде үкіметтің отырысында экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны