05.10.2011, 16:23 3837

ҚР 2014 жылға қарай қалпына келетін қуат көздерінен өндірілетін қуат мөлшері жалпы өндірілген қуаттың 1 пайызын құрайды

"Біздің бағдарламамыз бойынша 2014 жылға қарай қалпына келетін қуат көздерінен өндірілетін қуат мөлшері сағатына 1 млрд кВт құрап, жалпы тұтыну көрсеткішінің 1 пайызын құрауға тиіс",- деді И. Исекешев сәрсенбі күні KAZENERGY-дің VI Еуразиялық форумында.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today - ҚР 2014 жылға қарай қалпына келетін қуат көздерінен өндірілетін қуат мөлшері жалпы өндірілген қуаттың 1 пайызын құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

"Экологиялық таза технологияны дамытудың қалпына келетін қуат көздерінен өндірілетін қуат мөлшерінің электр қуатының жалпы көрсетікішіндегі үлесінің өсіне себепші болуы қажеттігін жақсы түсінеміз. Біздің бағдарламамыз бойынша 2014 жылға қарай қалпына келетін қуат көздерінен өндірілетін қуат мөлшері сағатына 1 млрд кВт құрап, жалпы тұтыну көрсеткішінің 1 пайызын құрауға тиіс",- деді И. Исекешев сәрсенбі күні KAZENERGY-дің VI Еуразиялық форумында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны