30.05.2016, 17:42 4708

ҚР ИИК-ніӊ пилотаж тобы KADEX-2016-да өнер көрсету үшін жаттығуда

Астананыӊ авиациялық базасында күн сайын IV халықаралық KADEX-2016 қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізуге дайындалу шеӊберінде қазақстандық Искери-әуе күштері пилотаж топтарыныӊ жаттықтыру ұшулары жүргізіледі

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Астананыӊ авиациялық базасында күн сайын IV халықаралық KADEX-2016 қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізуге дайындалу шеӊберінде қазақстандық Искери-әуе күштері пилотаж топтарыныӊ жаттықтыру ұшулары жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

4 және 5 маусым күндері көрмені өткізу кезінде қатысушылар мен қонақтарға Су-27 жойғыштарында "Жетісу" пилотаж тобыныӊ өнерлері көрсетіледі. Топ жетекшісі - полковник Тимур Омаров, подполковник Нұрлан Оразов пен Арслан Галимов, капитан Руслан Мақадиев. Сондай-ақ көрермендер майор Арслан Құлбасов пен майор Владимир Ткачтыӊ орындауында Су-30СМ жойғышында оӊаша пилотажды тамашалай алады. ЕС-145 тікұшақтарындағы жеке дара және топтық пилотажды полковник Талғат Сыздықов пен Еркін Жұмағалиев паш етеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ашылу рәсімі кезінде топтық түнгі пилотаж Су-27 жойғыштарына ҚР ҚК ИҚК Искери-әуе күштерініӊ қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов жетекшілік етеді.

Жаттықтырулардыӊ бірінде ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштерініӊ бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов жас авиаторларға шеберлікті көрсете отырып, Су-27 ұшағында жеке дара пилотажды көрсетті.

Бұл ұшулар ұшу аппараттарыныӊ пилотаждық мүмкіндіктерінен басқа көрермендерге қазақстандық ұшқыштардыӊ заманауи ұшақтар мен тікұшақтарды сәтті және толық игеруін паш етеді.

Сонымен қатар көрменіӊ өткізілуі кезінде ұшқыштарымызға көрмеде ұсынылатын Як-130 оқу-жауынгерлік ұшағында, "Аӊсат" және Ми-35 тікұшақтарында, А-400 әскери-көліктік ұшағында және т.б. ұшу аппараттарында танысу ұшуларын орындау мүмкіндігі ұсынылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны