07.09.2018, 23:12 5393

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл халықтыӊ қартаюы және қарт адамдардыӊ құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Азия-Еуропалық Кеӊестіӊ III-ші конференциясына қатысты

Конференция аясында, Ұлттық құқық қорғау мекемелерініӊ Жаһандық Альянсыныӊ қартаю мәселелері бойынша жұмыс тобыныӊ отырысы өтті, онда осы саладағы үздік тәжірибелерді пайдалана отырып, аға буын тұлғаларыныӊ жағдайын жақсартуда жалпы стратегияны әзірлеу бойынша шаралар талқыланды.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - 4-6 қыркүйекте Сеул қаласында (Корея Республикасы) ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров халықтыӊ қартаюы және қарт адамдардыӊ құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ASEM (Азия-Еуропалық Кеӊес) III-ші конференциясыныӊ жұмысына қатысты.

Конференция аясында, Ұлттық құқық қорғау мекемелерініӊ Жаһандық Альянсыныӊ қартаю мәселелері бойынша жұмыс тобыныӊ отырысы өтті, онда осы саладағы үздік тәжірибелерді пайдалана отырып, аға буын тұлғаларыныӊ жағдайын жақсартуда жалпы стратегияны әзірлеу бойынша шаралар талқыланды.

Аталмыш іс-шараларда қазақстандық Омбудсмен өз баяндамаларында шетелдік әріптестерін аға ұрпақтыӊ өмір сүру сапасын қамтамасыз етудегі мемлекеттік әлеуметтік саясаттыӊ негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстандағы экономиканыӊ серпінді өсуі жекелеген әлеуметтік және медициналық қызметтерді өтеусіз көрсетуге, сондай-ақ тұрақты зейнетақы төлемдерін, олардыӊ тұрақты өсуін кепілдендіретін әлеуметтік қамсыздандырудыӊ тиімді жүйесін құруға мүмкіндік бергендігі атап өтілді.

А. Шәкіров сондай-ақ Омбудсмен мекемесініӊ қарт азаматтардыӊ құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибесі, осы бағыттағы мемлекеттік органдармен және азаматтық сектормен өзара іс-қимылы туралы хабардар етті.

Форум қатысушылары мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және егде жастағы адамдардыӊ өмір сүру деӊгейін жақсарту және халықтыӊ өмір сүру ұзақтығын арттыру бойынша тиімді құқық қорғау құралдарын әзірлеу қажеттілігі туралы ортақ пікір білдірді.

ASEM шешіміне сәйкес Сеул қаласында қартаю мәселелері жөніндегі Халықаралық орталық құрылды, оныӊ саласына ұлттық құқық қорғау мекемелерініӊ өзара ынтымақтастығын үйлестіру кіреді.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны