26.02.2014, 20:52 5922

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шри-Ланка Президентінің арнайы елшісі - министр Нимал Сирипал де Сильвамен кездесті

Бүгін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров Қазақстанға іс-сапармен келген Шри-Ланка Президентінің Арнайы елшісі - министр Нимал Сирипал де Сильвамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan today Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров Қазақстанға іс-сапармен келген Шри-Ланка Президентінің Арнайы елшісі - министр Нимал Сирипал де Сильвамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan today Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында кең ауқымды құқық қорғау мәселелері бойынша, атап айтқанда гуманитарлық ынтымақтастық, ең бастысы, 2013 жылдан бастап Қазақстан мүше болып келе жатқан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңес аясындағы ынтымақтастық туралы ой-пікірлермен алмасты.

Омбудсмен қонақты "Қазақстан-2050" Стратегиясының орындалуы жарығындағы жұмыстың негізгі бағыттарымен таныстырып, ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметі туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Н. де Сильва Шри-Ланкаға қатысты 2013 жылы жоғарыда аталған БҰҰ кеңесі қабылдаған қарарды орындау мәнмәтінінде аталған елдегі жағдай туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша гуманитарлық саладағы байланыстарды жалғастыру туралы ортақ ниет білдірілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны