03.11.2015, 14:11 3462

ҚР Искери-теӊіз күштерініӊ жауынгерлік корабльдерін қысқы жүзуге дайындауда

Каспийде алдағы қысқы кезеӊге Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ жауынгерлік корабльдерін дайындау жүргізілуде. Төмен температура жағдайында корабльдердіӊ жүзуі, оларды қысқы отынға ауыстыруды қажет етеді.

Астана. 3 қараша. Kazakhstan Today - Каспийде алдағы қысқы кезеӊге Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ жауынгерлік корабльдерін дайындау жүргізілуде. Төмен температура жағдайында корабльдердіӊ жүзуі, оларды қысқы отынға ауыстыруды қажет етеді. Жанар-жағармай материалдары дайын. Шамамен 20 қарашадан бастап қысқы режімге көшу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қысқа сонымен қатар, арқандап байлау, зәкірлік, палубалық құрылғылар, мұзды ойып алуға арналған керек-жарақтарды әзірлеуде.

Салқын ауа райы жақындаған сайын әскери корабльдердіӊ экипаждары да толық көлемде дайын болуы тиіс. ҚР Искери-теӊіз күштері бас қолбасшысыныӊ басқармасында айтқандай, әскери теӊізшілер қысқы мерзімге киім-кешектерін алды, жаӊа костюмдер мен қысқы арнайы киімніӊ үлгілері сынамаланды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қысқы уақытта корабльдер теӊізге сирек шығады. Алайда, бұған қарамастан, ҚР ҚК Искери-теӊіз күштері толық көлемде өзініӊ негізгі міндеті, яғни, Каспий теӊзініӊ қазақстандық су айдындарында қолайлы жедел жағдайды ұстап тұруды жалғастыруда. Жылдыӊ мезгіліне қарамастан, зерттеу жұмысы да жүргізілуде. Бұл тапсырманы "Жайық" гидрографиялық кемесі іске асырады.

Бүгінгі таӊда Қазақстанныӊ Искери-теӊіз күштері 2015 жылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарын толық орындағанын айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны