16.06.2015, 13:16 3570

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ жаӊа төрағасы тағайындалды

Астана. 16 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ төрағасы болып Сақташ Хасенов тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұрын ол ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетін басқарды.

Сақташ Сатыбалдыұлы Хасенов Қостанай облысы Қарақалпақ ауылында 1960 жылдыӊ 12 қаӊтарда дүниеге келген. 1982 жылы "Агрономия" мамандығы бойынша Ленинград ауыл шаруашылығы институтін тәмамдаған.

Еӊбек қызметін 1982 жылы Псков облысы "Қарамыш" совхозыныӊ бас агроном ретінде бастаған. 1997-2000 жылдары Қостанай облысыныӊ "30 лет Целины" атындағы совхоз директоры, ҚР АШМ Қостанай облыстық аумақтық басқармасыныӊ бастығы, 2000-2005 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс жасаған. 2005-2006 және 2010-2011 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Ауыл шаруашылығы ғылым кандидаты. "Құрмет" орденніӊ иегері, 2006 ж.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны