09.09.2009, 13:02 3042

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасына қатысты іс аяқталды

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасына қатысты іс аяқталды

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Рябцевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тексерулер аяқталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцевтің және оның орынбасары Имірхан Кеңшімовтың үстінен қозғалған қылмыстық істер өндіріспен аяқталды. Оларға лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану арқылы "Арал теңізі өңірлеріндегі су қамтамасыздығы және санитария" жобасының аясында бақылау-өлшеу жабдықтары мен техниканы сатып алуға бөлінген қаржыдан мемлекетке 81 млн теңге залал келтіру, лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану, қызметтік жалғандық жөнінде түпкілікті айып тағылды", - деді М. Жұманбай.

Оның айтуынша, "қазір айыпталғандар мен олардың қорғаушылары іс мариалдарымен танысу процедурасынан өтуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны