10.06.2009, 15:38 1427

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Павлодар аумақтық инспекциясының бастығының үстінен бюджетке 90,9 млн теңгенің шығынын келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалды

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Павлодар аумақтық инспекциясының бастығының үстінен бюджетке 90,9 млн теңгенің шығынын келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалды

Павлодар. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Павлодар облыстық департаменті ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Павлодар аумақтық инспекциясының бастығының үстінен бюджетке 90,9 млн теңгенің шығынын келтіргені үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Павлодар аумақтық инспекциясының бастығы мен осы мекеменің басқа да лауазым иелерінің үстінен бюджет қаржысының есебінен мекеме басшыларының туыстарынан жоғары бағаға әкімшілік ғимаратты сатып алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", -деп хабарлайды ҰҚКД.

"Соның салдарынан бюджетке 90 млн 900 мың теңгенің шығыны келтірілді", - деп нақтылайды баспасөз қызметі.

"Мемлекеттік мекеме басшысы ғимаратты сатып алу жөнінде шешім қабылдаған. Олар бұл ғимаратты қайта сатып, кейін оны қайтадан өз туыстарынан жоғары бағаға сатып алған", - деп түсіндірді баспасөз мәслихатында ҰҚК-нің Павлодар облыстық департаментінің тергеу бөлімінің өкілі Азамат Сүлейменов.

ҰҚКД ақпаратына сәйкес, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Павлодар аумақтық инспекциясының бастығының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабы (лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу одан әрі жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны