20.05.2009, 19:02 3064

ҚР Бас әскери прокуратурасының жанында әскердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаб құрылады

ҚР Бас әскери прокуратурасының жанында әскердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаб құрылады

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бас әскери прокуратурасының жанында әскердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаб құрылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 18 мамырында Бас әскери прокуратурада қылмыстық кудалау органдарының үйлестіру кеңесі өтті. Онда үйлестіру және құқық қорғау қызметімен байланысты түйткілді мәселелердің тізімдемесі қаралды.

Кеңесте Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасының басшылығымен әскердегі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтауға және сапалы тергеуге бағытталған жұмысты үйымдастыру бойынша штаб құруға шешім қабылданды.

Бұған қоса, Бас әскери прокуратураның үйлестіру кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру туралы шешім шығарылды.

Мәселен, баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, өзара іс-әрекеттің міндетті деңгейінің болмауы, қылмыстылықтың өсу қарқынын тамырымен жоюға және әскердің қоғамдағы оңды бейнесін қалыптастыруға ықпал етпейді.

Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың алдында тұрған өзекті және әлеуметтік маңызы бар міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру болып табылады.

Осы бағыттағы жұмыста елеулі кемшіліктер бар, еліміздің президенті өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың мейлінше маңызды деректерін анықтау және тергеу бойынша жұмысты күшейтуді бірнеше рет атап көрсетті.

Бүгінгі таңда қаруландыру және әскери техниканың мемлекеттік сатып алуымен байланысты бірқатар өзекті қылмыстық істер тергелуде, бұлар күш құрылымдарының өзара тығыз іс-әрекетінің нәтижесінде артық әуре-сарсаңсыз тергелуі тиіс және өзінің логикалық шешімін табуы тиіс, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аталған үйлестіру кеңесі жұмысының шеңберінде (аясында) сыбайлас жемқорлықпен күрестің бірыңғай жолдары жасалынды, жұмыс тәртібінде мекемеаралық өзара іс-әрекетте туындайтын мәселелер мен тартысты сәттерді жою жолға қойылды.

Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық саладағы құқық қорғау органдарының маңызды ролін ескере отырып, күш құрылымдарының басшыларына өз қүзырларының аясында жаппай жұмыссыздық пен халықтың тіршілік деңгейінің төмендуіне жол бермеу, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін қорғау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды қамтамасыз ету ұсынылды, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны