27.05.2010, 17:21 3398

ҚР Бас прокуратурасы Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі айрықша бақылауға алды

ҚР Бас прокуратурасы Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі айрықша бақылауға алды

Астана. 27 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Бас прокуратурасы Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі айрықша бақылауға алды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қылмыстық істі тексеру барысы, әрине, ҚР Бас прокуратурасының бақылауында", - деді ол.

Оның айтуынша, істі алдын-ала тергеумен БҚО ІІД айналысып жатыр. Ол кеше Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы ақбөкендердің жаппай қырылу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғағанын еске салды. ҚР Қылмыстық кодексінің 289-шы бабы (жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Бүгінгі жағдаймен басты себеп - пастереллез жұқпалы дертін жұқтыру деген жорамал жасалып отыр. Дегенмен, ахуалды толық айқындау, сондай-ақ, жануарлардың жаппай қырылу себептерін анықтау үшін көптеген сараптамалар жүргізу талап етілетіндігіне байланысты, басқа да жорамалдарды назардан тыс қалдырмау үшін біз қылмыстық іс қозғадық", -деді Н. Сүйіндіков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны