28.07.2008, 14:49 1330

ҚР Бас прокуратурасы құрылыс компанияларына қатысты 8 қылмыстық іс қозғады

Қаржы полициясы органдарымен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде бас прокуратура құрылыс компанияларына қатысты 8 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы органдарымен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде бас прокуратура құрылыс компанияларына қатысты 8 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаржы полициясы органдарымен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде 8 қылмыстық іс қозғалды. Бұлар "Алматыинвестстрой" ЖШС, "Верный KZ", "КазГлавСтрой", "Казкоммерцинжиниринг", "Компания Казстрой", "Столичная недвижимость", "Стальстрой С" және "BS Group" қатысты",- деді ол.

Мысалы, Алматы қаласының прокуратурасы "Дуэт" тұрғын кешенін салу кезінде үлескерлердің 949 миллионнан артық қаражатын мақсатсыз жұмсағаны үшін "Компания Казстрой" ЖШС-не талап қойған.

Бұдан басқа, қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде тергеуге дейінгі тексеріс кезеңінде "Азбука жилья", "АКА-АБ", "Алмас", "Бәйтерек НТ", "Бейбарс Билдинг", "Наз", "Синегорье НС", "ТРЕК-АСТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты прокурорлық тексеру 8 материалы қаралуда.

Қазіргі уақытта үлескерлердің құқығын қорғау және ақша қаражаттарын қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында жауапсыз құрылыс компаниялардың 107 автокөлік құралдарына және 108 жылжымайтын мүлікке прокуратура тыйым салды.

"Бұл арада тексерулердің негізгі мақсаты үлескерлердің тұрғын алу құқығын қорғау және құрылыс иелерінің құрылыс нысандарын аяқтау жөніндегі өз міндеттемелерін сөзсіз орындауды қамтамасыз ету екенін айту керек. Сондықтан да егер кезкелген құрылыс иесі өз мүліктерін өткізіп, одан түскен қаражатты құрылыс нысанын аяқтауға жұмсауға ниеттенсе, онда прокуратура органдары олардың мүліктеріне салынған тиымды алып, ақшалай-қаражаттың одан әрі мақсатты жұмсалуына қатаң бақылау орнататын болады",- деді С.Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны