02.04.2008, 18:37 2520

ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін мемлекеттік холдингтер мен ИКК еншілес кәсіпорындарына да енгізуді қажет санап отыр - Кравченко

ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін мемлекеттік холдингтер мен ИКК еншілес кәсіпорындарына да енгізуді қажет санап отыр - Кравченко

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін мемлекеттік холдингтер мен Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың еншілес кәсіпорындарына да енгізуді қажет санайды. Бұл туралы бүгін өткен "Қазақстан Республикасындағы ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды дамыту" атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметі мен заңдылығын бақылау департаментінің басшысы Андрей Кравченко хабарлады.

"Біз тиісті ұсынысты үкіметке жолдадық және мемлекеттік холдингтер, Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен олардың қол астындағы көптеген ұйымдар қазір бақылаудан тысқары жатқанын айттық. Ал біз қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жүйесі осы кәсіпорындар мен олардың лауазымды тұлғаларын мемлекеттік қаржылық бақылау аясынан шығаруға мүмкіндік бермейді деп есептейміз", - деді А. Кравченко.

"Мемлекеттік сатып алулардың субъектілері тек мемлекеттік органдар ғана емес, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, тіпті мемлекет қатысуындағы акционерлік қоғамдар да бола алуы керек", - деп сөзін жалғастырды ол.

Өз кезегінде Қазақстан Респуликасының Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Инуарбек Сұлтанғазин мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы құзырлы органдарда қазіргі уақытта мемлекет активтерін тексеруге құқы барлығын баяндады.

"Алайда, қазір "Самұрық", Қазына", "Самғау", сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың құрылуымен мемлекет активтері солардың қолында шоғырлануда. Ал біз олардың еншілес компанияларына тексерумен бара алмай отырмыз". Осыған байланысты И. Сұлтанғазин бюджеттен бөлінетін қаржылардың барлығы "Самұрықта" немесе "Қазынада" емес, олардың еншілес және осы мемлекеттік холдингтердің құрамына кіретін компанияларда игерілетінін еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны