25.07.2008, 17:58 2924

ҚР Бас прокуратурасы шетелдік компанияларда Қазақстан азаматтарын кемсіту оқиғаларын анықтады

ҚР Бас прокуратурасы шетелдік компанияларда Қазақстан азаматтарын кемсіту оқиғаларын анықтады

Алматы. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бас прокуратурасы шетелдік компанияларда Қазақстан азаматтарын кемсітудің көптеген оқиғаларын анықтады. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуроры аппаратының жетекшісі Хәкім Күшқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан азаматтарын кемсіту жеке еңбек келісім шарттарын жасасқан кезде де және жалпы барлық еңбек қызметі кезінде де, атап айтқанда, қауіпсіз еңбек жағдайына, ұжымдық келісім-шарт жасасу еркіндігіне, демалу және жалақы алуға деген құқықтарын жүзеге асыру кезінде көрінеді", - деді Х. Күшқалиев.

Атап айтқанда, прокуратура өкілі Dongil High Vill CO. LTD ("Хайвилл" Астана) фирмасының бөлімшесін атады. Онда қазақстандық бухгалтер мен сол саладағы шетелдік маманның еңбек ақыларының айырмашылығы 600 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейінгі соманы құраған.

Х. Күшқалиевтің хабарлауынша, мұндай мысалдар жиі кездеседі және Алматы қаласы мен Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында байқалады.

Бірінші жартыжылдықта жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша прокуратура органдары заңдылықтың бұзылу оқиғаларын жою бойынша 127 ұсыныс, 6 қарсылық енгізіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 245 іс қозғап, 22 шетел компаниясының рұқсаттарын уақытша тоқтатып, бесеуінің рұқсаттары бірақ қайтарып алынып, 4 мың Қазақстан азаматының құқықтарын қорғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны