23.07.2008, 18:10 2659

ҚР Бас прокуратурасының 2009 - 2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының жобасын үкімет басшысы мақұлдады

ҚР Бас прокуратурасының 2009 - 2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының жобасын үкімет басшысы мақұлдады

Астана. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін ҚР Бас прокуратурасының 2009 - 2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының жобасы туралы ҚР Бас прокуроры Рашид Түсіпбековтің есебін тыңдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Р. Түсіпбеков жобаны таныстыра отырып, оның азаматтардың құқығы мен бостандығын, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі заңнаманы нығайтуға бағытталғанына тоқталды.

"Қадағалау жұмысының тиімділігін арттыру үшін прокурорлардың жұмысының ескерту жасауға, құқық бұзушылықты мерзімінде ашуға және оның алдын алуға бағдарлануы белгіленген. Бұл прокуратура органдарының құқық қорғау міндетін іске асырудағы тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді",- деді Бас прокурор.

Стратегиялық жоспарға сәйкес, объективті құқықтық статистика мен арнайы есепті қалыптастыру қоғамның сұранысын қанағаттандыратын жоғары сапалы мемлекеттік қызметке қол жетімділікке жол ашатын болады.

Сонымен қатар, қадағалау органдының басшысы белгіленген стратегиялық міндетті орындау прокуратураның төменгі буынын осы заманғы компьютерлік және ақпараттық жүйеснің бірігуімен қамтамасыз ету жағдайында мүмкін болатынын ерекше атап өтті.

"Бұл өте маңызды мәселе және ол республикалық бюджет комиссиясында ерекше қаралатын болады",- деді премьер-министр.

Жалпы, Кәрім Мәсімов ұсынылған Бас прокуратураның Стратегиялық жоспарының жобасын мақұлдады, ал енді құжат толықтай алғанда қосымша қаралып, талқыланғаннан кейін ғана бекітілетін болады.

"Сіздер қоғамға өз қажеттіліктеріңіз мен пайдалы екендіктеріңізді сандық өлшем жағынан да, сапалық өлшем жағынан да дәллелдеп, өз жұмыстарыңыз бағаланатындай нақты өлшемдерді анықтауларыңыз қажет",- деп қорытты үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны