03.07.2013, 17:16 4173

ҚР бас санитарлық дәрігері құлаған "Протон-М" зымыранының зардаптарын анықтауға арналған зерттеу қорытындысын жариялады

"Абырой болғанда, зымыран құлаған кезде полигон аумағында күн тымық болған, сөйтіп, улы қалдықтардың таралуына жол берілмеді. Жарылыс кезінде гептил толығымен жанып кеткен, ал амил, формальдегид, синил қышқылының әсерін жоюға жауған жаңбыр септігін тигізді .Демек алаңдауға еш негіз жоқ",-деді ол.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшин Қызылордада жұмыс сапарымен болып, құлаған "Протон-М" зымыранының зардаптарын анықтауға арналған зерттеу қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Апат болғаннан кейін санитарлық қызмет оқиға орнына жақын орналасқан елді мекендерді анықтады. Олар Төретам, Ақай, Жосалы мен Байқоңыр қаласы. Аталған елді мекендерде санитарлық мониторинг жүргізіліп, улы заттар деңгейінің шамадан көп еместігі анықталды. Қазір ресейліктер полигон аумағында детоксикациялық жұмыстарын жүргізуде. Оған дейін апаттан келген зардапты анықтау мақсатында су, топырақ пен ауаның сынамалары алынатын болады",-деді Ж.Бекшин.

"Абырой болғанда, зымыран құлаған кезде полигон аумағында күн тымық болған, сөйтіп, улы қалдықтардың таралуына жол берілмеді. Жарылыс кезінде гептил толығымен жанып кеткен, ал амил, формальдегид, синил қышқылының әсерін жоюға жауған жаңбыр септігін тигізді .Демек алаңдауға еш негіз жоқ",-деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны